TҮРІК БІТІК
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті
қазрусeng
Iздеу:
Қайда:
Басы Ескерткіш Үйреткіш Сөздік Көмек
Бөлімдер
Көне түрік бітіктер
Түрік бітік үйреткіш
Этномәдени сөздік
Дерек көздері
Көмек
Контакт
Бөліктер
Таңба
Бітік оқу
Бітіктеу
Сөздік
Мәтін
Кіріспе
Бітік деген не?
Сөз бен атау
Табиғат, қоршаған орта атаулары
Туыстық қарым-қатынасты білдіретін атаулар
Дене мүшелері атаулары
Жан-жануар, аң-құс атаулары
Үй,құрылыс атаулары
Қазба байлық атаулары
Әлеуметтік атаулар
Сын-сапа атаулары
Сан атаулары
Әскери құрылым мен жасақтардың сандық көрсеткіштері
Қағандық саяси-әскери билік жүйесінің негізгі тұлғалары
Қазақ тіліндегі ескерткіш мәтіндері
Деректер
Таңбалар
Сөздік
Іздеу
Карта
Мұражай жәдігерлері
Мақалалар
Әдебиеттер
Шрифт қолдау
Сайт картасы
  1-сабақ. Кіріспе.
Бұл бетті дұрыс көру үшін мына шрифті жүйеңізге орнатып алыңыз:Түрік бітік шрифті. Шрифті жүйеге орнатудың жолын мына жерден қараңыз.
birWi SB bitg tams na Бітік деген не?
Біздің оқитын жазумыз түрік бітік яғни бітік. Төменде бояумен жазылған сөздерді оңнан солға қарай оқиды. Бұл жерде түрікше бітік деген сөз бен осы түбірден шыққан бірнеше сөз келтірілген. Бұл сөздерді ескерткіш мәтінінің соңында жазған. Ескерткішті кім, қашан, кімге арнап жазғаны туралы айтқанда осы сөзді пайдаланған. Тік жақшаның ішінде транскрипция жазылған. Транскрипция сөзді дұрыс оқып үйренуге көмектеседі.
bitg[bitig]бітік
Жазу, жазба, жазулар, мәтін, хат деген мағынадағы сөз
bitgma[bitigime]бітігіме
Жазушы деген мағынада
bitgTY[bitigtaš]бітіктас
Арнайы дайындалған тасұстынға қашалған көне түрік мәтін. Көне түріктер осындай жазулы ескерткіштерін бітіктас деген. Ежелгі ырым-жосындық тұрғыдан тасқа қашап бәдіздеген жазуларын «беңгүташ- мәңгітас» деп те атаған.
bitidm[bitidim]бітідім
Жаздым дегенді бітідім деген. Күлтегін ескерткішінің екінші қапталының бетінде жиырма күн отырып осы бітіктасты бітідім деген сөз бар. Демек тасқа «бітіклеген» адам яғни тасқа мәтінді қашап жазған адам «бітікші» деп аталған. Қағанның хатшысы да «бітікші» аталған.
bititdm[bititidim]бітіттім
Біреуге жаздырғанды бітіттім деген.
Мына суреттерде бітіктердің мысалдары көрсетілген.
Арнайы беті тегістелген тасқа қашалған бітік. Күлтегін бітіктасының фрагменті. Қағаз бетіне қара, қызыл сиямен жазылған бітік. Ырық бітік кітабының бір бетінің фрагменті. Ағаш бетіне жазылған бітік. Петербордағы Эрмитажда сақтаулы Талас өңірінен табылған Ашық-тас таяқшалары бітігі.
Жартас бетіндегі бітік. Жалды тау жартасындағы бітіктердің фотосынан фрагмент. Сақ дәуіріндегі бітік. Қазақстан Ұлттық мұражайында сақтаулы тостаған сызылған бітік. Қытай айна сыртына сызылған бітік.
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.

Ескерткіш Үйреткіш Этномәдени сөздік Жәй сөздік Деректер Іздеу Көмек Контакт
қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.