TҮРІК БІТІК
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті
қазрусeng
Iздеу:
Қайда:
Басы Ескерткіш Үйреткіш Сөздік Көмек
Бөлімдер
Көне түрік бітіктер
Түрік бітік үйреткіш
Этномәдени сөздік
Дерек көздері
Көмек
Контакт
Ескерткіш түрі
Орхон
Енисей
Талас
Тұрпан
Алтай
Қазақстан
Ферғана
Деректер
Таңбалар
Сөздік
Іздеу
Карта
Мұражай жәдігерлері
Мақалалар
Әдебиеттер
Шрифт қолдау
Сайт картасы
  Этномәдени сөздік
[Jаmï: qaγan] Йамы қаған
Yаmï qaγan > Йамы қаған (?-614).
Қағандық атағы: Йамы қаған. Өз аты:?. Қытай деректерінде : Чымын кехан // Ел ыдұқ Йамыр кехань (Йамы қаған) 599-614 жылдары билік еткен. В.В.Радлов «б-й» таңба-әрiптерiнiң ұқсастығына сүйенiп, Йамы қаған деген Бұмын қаған дейдi. Yamï qaγan «бiр түрiк билеушiсi» (Х.Н. Орхун) ; Бумын каган (С.Е. Малов), Ғ. Айдаров, Yamï qaγan - (Т.Текин), Yumi qaγan – (Л.Болд) . И.Маркварт, Йамы қаған дегенімiз Бумын//Тумын яғни Или-хан Тумынь (Иль-хан т.е. правитель народа- Н. Бичурин) деп есептейдi. Дәл осы қаған атауы басқа бiтiктастарда кездеспейдi. Ел етміш йабғұ бітіктасында «Ečümüz : apamïz : Jаmï: qaγan: törüt: buluŋuγ: qïsmïš: yïγmïš: yaymïš: basmïs: - Атамыз: үлкенiмiз : Йамы: қаған: төрт: бұрышты: биледі: жиды: жаулады: басты» деп кездеседі [Базылхан, 2005 ]. Дәл осы қаған атауы басқа бiтiктастарда кездеспейдi. Күлі-чұр бітіктасындағы мәтінді зерттеген В.В. Радловтың пiкiрiнше бұл бiтiктас 649 жылдары орнатылған және Елтерiс (Құтлұқ) қаған мен Елбiлге қатұнға арналған. А.Н. Бернштам, бұл ескерткiш 704 ж. Мочжо яғни Қапаған (691-716 ж. билiк құрған) қаған тарапынан ағасы Елтерiске арналған деп жорамалдайды. Дж. Клоусон Қапаған, Бiлге қағандар заманындағы Ел етмiш йабғұның үлкен ұлы Ышбара тамған тархан мен кiшi ұлы Алып Ел етмiш Бiлге Ышбараға арналып 731 ж. орнатылған деген тұжырым жасайды [Clauson G. The Ongin Inscription. Journal of the Royal Asiatic Society.October.1957. pp.175-192.] . А.А. Раджабов болса Елтерiс қағанның нөкерлерiнiң бiрiсi Ышбара тамған тарханға арнап 692-689 жылдары туысқандары Елетмiш йабғұ мен ағасы Чұр йоға екеуi орнатқан дейдi [Раджабов А. А. Об Онгинском памятнике // СТ, 1970. № 2. Баку, С. 3-50. ]. В.Е.Войтовтың пiкiрiнше, қытай деректерiнде кездесетiн Елтерiс (682-691 ж. билiк құрған) қағанның ортаншы iнiсi Дусифу (Дусипо) //Дуси-бег пен Ел етмiш Йабғұ бiр адам деп пайымдайды [Войтов, 1989, 46-49]. Ел етмiш йабғұның бiрнеше ұлдарынан оған арнап, үлкен ұлы Ышбара тамған чұр йабғұ мен ортаншы ұлы Алып Елетмiш Бiлге Ышбара тамған тархан тарапынан 719-720 жылдары орнатылған деп қарастырылады.
Мәлімет қорынан қара
Мына ескерткіштерде осы сөз кездеседі
Ел етміш (Білге атачым) Йабғұның ғұрыптық кешенi және бiтiктастары
1
Атамыз: үлкенiмiз: Йамы: қаған: төрт: бұрыш+ты: қысты (қаған көтерілді): жиды: жаулады: басты: ол хан: жоқ болғанда: керi: ел жетiмсiредi: iшкi ордасы бүлiндi: қашып бытырады:

Ečümüz: 104 apamïz105 : Jаmï106 : qaγan: törüt: buluŋuγ: qïsmïš: yïγmïš: yaymïš: basmïs: ol qan: yoq boltuqda: kisre: el yіtmіš: ïčγanmïš: qačšamïš

Этномәдени сөздікпен қатар Түрік бітік мәтін қорында көне түрік-қазақ сөздігі бар.
Support bitig.org
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.

Ескерткіш Үйреткіш Этномәдени сөздік Жәй сөздік Деректер Іздеу Көмек Контакт
қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.